Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейлік олигарх Әлішер Усманов Өзбекстандағы ірі цемент зауытын сатып алды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Akkermann Cement компаниясына қарасты Akkermann Cement CA компаниясы «Ахангаранцемент» зауыты акцияларының 98,6 пайызын сатып алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі Gazeta.uz сайтына хабарлады.

Akkermann Cement директорлар кеңесінің төрағасы Антон Селявконың мәлімдеуінше, «Ахангаранцементке» салынған инвестицияны, USM холдингінің Өзбекстандағы басқа да инвестициялары секілді, бас акционер Әлішер Усмановтың туған жерін дамытуға бағытталған деп түсіну керек.

Akkermann Cement CA компаниясы да Әлішер Усмановтың USM холдингіне қарайды. Akkermann Cement 2021 жылы шамамен 4 млн тонна цемент өндірген.

«Ахангаранцемент» Өзбекстанда цемент өндіретін ең ірі зауыттардың бірі. 2017 жылғы қарашада Ресей Қытайдың Beijing Triumph International Engineering Со. компаниясымен бірге «Ахангаранцемент» базасында жаңа зауыт салатыны мәлім болды. Зауыт жылына 3 миллион тонна цемент өндіреді.

160 млн доллардың жаңа зауыты 2020 жылы іске қосылды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM