Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейлік омондар жүзге тарта тәжік студентін соққыға жыққан (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Комсомольск-на-Амуре қаласында оқитын тәжікстандық студенттер омондар тарапынан соққыға жығылғанын мәлімдеді.

Бұл мәлімдемеге қатысты Ресей билігі мен Тәжікстан елшілігі жауап бермеді.

Студенттердің сөзінше, оқиға 19 мамырда таңертең, оқу орнының жатақханасында болған.

Аты-жөнін айтуды қаламаған студенттердің бірінің сөзінше, 22 мамырда омондар аяқ астынан келіп, видео бақылау камерасын өшіріп, студенттерді ұрып-соға бастаған. Олар бетіне маска киген, тәжік студенттерінің барлық құжатын, телефондарын тартып алған. 15 студент ауыр дене жарақатын алған. Олардың біреуіне ота жасауына тура келеді.

20 мамырда студенттер Ресейдегі Тәжікстан елшілігіне хабарласып, көмек сұраған.

Өткен аптада Мәскеу түбінде тұратын азамат ел президенті Владимир Путинге хат жазып, өзі тұратын аудандар мигранттардың көбейіп кеткенін, енді көшеге шығудан қорқатынын жеткізген.

19 мамырда президент жанындағы ұлтаралық қатынас кеңесінің отырысында Владимир Путин елге келетін мигранттар біздің заң мен дәстүрімізді сыйлауы керек деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM