Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей «дүниежүзілік» соғысқа дайындықты бастап кетті

KAZAKBOL.COM

11 қыркүйек күні Ресей 300 мың адамды біріктіріп мемлекет тарихында болмаған ең ірі әскери-стратегиялық оқу өткізбек. НАТО ұйымы бұл әрекетті «ірі көлемдегі қақтығыстың» бастамасы деп болжауда. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қытайлық және моңғолиялық сарбаздардың қатысуымен болатын «Шығыс-2018» оқу бағдарламасы 11-17 қыркүйек арасында Батыс Сібір мен ресейлік Қиыр Шығыста өтеді.

Бұл оқулар Батыс елдерімен арадағы қарым-қатынасқа, украиналық дағдарыс пен Сириядағы қақтығыстарға, сондай-ақ, батыс саясатына тоқтаусыз кірісуге байланысты ұйымдастырлмақ.

Ресей әскері бұл әрекеттерін «Батыс-1981» оқуларымен салыстырған. Осыдан 40 жыл бұрын бұл оқуға Шығыс Еуропадағы Варшава келісімі бойынша 100-150 мың адам біріктірілген еді.

«Бұл алдағы уақытта болатын «дүниежүзілік» соғыстың бастамасы. Ресей Қарулы күштерінің бас штабы аталған жағдай 2020 жылдан кейін болады деп отыр. Бұл ірі соғыс немесе аймақтық қақтығыстардың тізбегі болу мүмкін. Ал қарсылас АҚШ пен оның одақтас елдері болмақ», — деді ресейлік әскери маман Павел Фельгенгауэр.
Бұл ойды НАТО ұйымы да қолдап отыр. Олар «Шығыс-2018» оқулары ірі қақтығысқа жасалған дайындықтардың бірі деп топшылауда.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM