Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Ил-20 ұшағы апаты үшін Израилді айыптады (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 18 қыркүйекте Сирияда Ил-20 ұшағы апатынан кейін, ресейлік әскердің қауіпсіздігі күшейтіледі деп мәлімдеді. «Бұл бәрі аңғаратын үлкен қадам болады» деген.

Путин Ил-20 экипажында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан. Ол Мәскеудің оқиғаға байланысты Израилге қатысы қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде толық айтылған деді. Путин бұл мәлімдеменің өзімен келісілгенін атап өтті.

Ресейлік Ил-20 әскери ұшағы Жерорта теңізінің Сирия жағалауында апатқа ұшырады. Ұшақты Ресей одақтасы Башар Асад әскері құлатқан. Апаттан 15 ресейлік әскер қаза тапты. Мәскеу бұл оқиға үшін Израилді айыптады. Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуі бойынша, Асадтың әскери нысанына соққы беріп жатқан израилдік атқыштар Ил-20 ұшағын қорғану үшін пайдаланған.

Израиль ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айта отырып, Мәскеудің айыптауына келіспейтінін жеткізді. Израиль армиясы Ил-20 соғыс операциясы жүріп жатқан Латакиядан тыс жерде болған дейді. Бұл мәселені бүгін Путин Израиль премьер-министрімен талқылайды.

Израилдің қорғаныс армиясы жүйелі түрде Асад нысандарына шабуыл жасап келеді. Ресей болса Сирия президентінің басты одақтасы. Соңғы кезде Ресей әскері Идлиб провинциясына шабуылды күшейтті. Халықаралық қауымдастық аймаққа химиялық қару қолдану қаупін айтып дабыл қағып жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM