Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: kapital.kz

Ресей мемлекеттік думасына шенеуніктердің кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқытуына тыйым салатын заң жобасы түсті деп хабарлайды Азаттық.

Құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин даярлаған.

Құжат қабылданса, онда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік және муниципалдық органдардың қызметкерлері балаларын, оның ішінде асырап алған балаларын да шет мемлекеттің мектептері мен жоғары оқу орындарына оқыта алмайды. Жобада мұндай тыйым мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне де салынуы тиіс екені айтылады.

Тыйым шетелдік оқу орындарының Ресейдегі филиалдары мен ресейлік білім беру ұйымдарының шетелдердегі филиалдарына қатысты емес. Сонымен қатар, шетелде қызмет бабымен бір жылдан көп уақыт жүретін шенеуніктерге де бұл тыйым салынбайды.

«Медуза» басылымының хабарлауынша, заң жобасына түсініктеме беру хатында шетелде оқу «елде шынайы ұлттық басқару элитасының қалыптасуына кедергі келтіріп, кадрларды бұзатыны», «Ресейде әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, басқарушы таптың халықтан ажырауына әкеліп соқтыратыны» айтылған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM