Жезөкшелік. Көрнекі фото: ptr-vlad.ru
Бурятияның әлеуметтік желілеріндегі арнайы парақшалар үйіндегі жөндеу жұмыстары үшін жыныстық қатынаспен төлеуге әзір әйелдердің хабарламаларына толып тұр. Бұл ұсыныстан бас тартпайтын ер азаматтар да баршылық көрінеді.
«Бұл екі жаққа да тиімді. Қызметке төсек қатынасымен төлей аласың. Қызметке қызметпен төлеп, көк тиыныңды құртпайсың», — деп жазылған желіде ашылған арнайы топта.
Бұл топтағылардың дені 18-60 жастағы ер азаматтар. Әйелдер саны азырақ, олар өзін жасырын ұстағанды жөн санайды.
Жергілікті тұрғындар бұл жайттың өршуіне елдегі ауыр экономикалық жағдай себеп болуда деп санайды. Соңғы деректерге сәйкес, Бурятияның әр қарапайым тұрғыны кемінде екі кредитке белшесінен батқан.
KAZAKBOL.COM