Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде жеті адам тұратын ауылға гей-парад өткізуге рұқсат берді

KAZAKBOL.COM

Ресейде бірінші рет рұқсат етілген гей-парад 26 тамызда Ульянов облысының Яблоневый ауылында өтпек. Бұл шараға Новоульяновск әкімшілігі рұқсат берген. Митинг өткізу жөніндегі арызды ЛГБТ қозғалысының белсендісі Николай Алексеев түсірген.

Қала әкімдігі гей-парадтың өткізу орнын өзгертуін, «орталықта адамдар көп тұрады, олардың ішінде кәмелетке жасы толмаған жеткіншектер көп» деп түсіндірген.

Яблоневый ауылы Новоульяновск қаласынан екі шақырым қашықтықта орналасқан. Онда бір көше ғана бар, жеті адам тұрады.

«Гей-парадты өткізуге Панская Слобода ауылына да рұқсат беруге болушы еді. Онда 131 адам тұрады. Бірақ бұл қазіргі Ресей үшін тым прогрессивті болушы еді», – деп жазады Фейсбук парақшасына Николай Алексеев.

Ол қатысушылар саны 300-ден аспайды деп, әкімдікке алғыс білдірді:

«Қатысушылар санын толтырамыз. Бұл Ресей тарихындағы керемет оқиға! Рақмет, Светлана Анатольевна! Сіз нағыз либерал, демократсыз!».

Николай Алексеев сонымен бірге ЛГБТ акциясын өткізу үшін Ульянов облысының Димитровград әкімдігіне де арыз берген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM