Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Reuters: Кремль Украинадағы тыңшыларына сенген

KAZAKBOL.COM

Кремль 24 ақпанда Украинаға басып кірер алдында ол жақтан құпия тыңшылар желісін құрған. Бейсенбі күнгі Reuters агенттігінің зерттеуінде осылай делінген.

Reuters агенттігінің дереккөзіне қарағанда (агенттік Кремльдің соғыс ашу жоспары болғанын білген бес адамға сілтеме жасайды), Ресей президенті Владимир Путин тыңшылар желісі Владимир Зеленский әкімшілігінің биліктен бас тартып, шетелге қашып кетуіне ықпал жасайды деп сенген.

Алайда, бұл жоспары орындалмаған. Қазір Украинада соғыс жүріп жатқанына бес ай өтті. Украина біраз аумағынан айырылса да, қарсылық танытуды жалғастырып жатыр.

Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Алексей Даниловтың айтуынша, әскерилер мен арнайы қызметтің арасында Ресей тыңшылары болған.

Атап айтқанда, соғыстың алғашқы күні Чернобыль АЭС-тың күрессіз берілуі де ресейлік агенттердің әрекеті болған.

Қазір АЭС-тің бұрынғы қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Валентин Витер мен арнайы қызметтің лауазымды тұлғалары мемлекетке сатқындық жасады деген күдікке ілінді.

Reuters мәліметінше, Мәскеу Украина билігін толық ауыстыруды жоспарлап, үкіметті Жоғарғы раданың бұрынғы ресейшіл депутаты, 2014 жылдан бері Ресейде тұратын Олег Царёв басқарады деп ойлаған.

Ол Ресейдің Украинаға басып кіруін толық қолдап, мәлімдеме жасады.

Былайша айтқанда, Ресейдің Украинаға қатысты жоспары жүзеге аспай қалды. Даниловтың сөзінше, Мәскеу Украинаның әлсіз тұстарын есептеп, құпия тыңшыларын қатты бағалап жіберген.

Дегенмен Кремль негізгі жетістіктің бірі деп, Украина қауіпсіздік қызметі тыңшыларды іздеу үшін біраз уақытын сарп еткенін айтады.

Украина президенті қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысын командасымен бірге отставкаға жіберуінің себебі де осы болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM