Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Reuters: Талибан әскери ұшақ пен ұшқыштарды қайтар деп Ташкентке қысым көрсетіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанды уақытша паналап жатқан ауған ұшқыштары өздерін Ауғанстанға кері қайтарады ма деп қауіптенеді. Reuters АҚШ алып кетеді деп үш апта бойы күтіп жатқан ұшқыштар жайында эксклюзивті материал әзірлеген.

Тамыз айында «Талибан» қозғалысы Мазари-Шариф қаласын басып алғаннан кейін, ауған ұшқыштары Өзбекстанға қашқан. Олармен Reuters журналисі телефон арқылы сөйлесті.

«Егер бізді кері қайтарса, олар бізді өлтіреді», — деген ұшқыштың бірі өздерін қазір тұтқында отырғандай сезініп жүргенін айтты. Ұшқыштың сөзінше, лагерде шамамен 465 адам бар.

АҚШ-тың Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Джон Хорбстың ойынша, ресми Ташкент расында «Талибаннан» қысым көріп жатыр. Себебі, олардың дені АҚШ-та арнайы әскери жаттығудан өтіп келген. «Ресми Ташкент тәліптермен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді», — деді Хорбст.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі қазір Өзбекстанмен келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. Ал Өзбекстан үкіметі Reuters сауалдарына жауап бермеген.

Ұшқыштың сөзінше, лагерде өздерінен басқа Ауғанстанның қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен ВВС техникалары бар. Олардың біразы отбасын үшінші елге жіберіп үлгерген. Бірақ көбі сол Ауғанстанда қалып қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM