Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

RFI Африкадағы ресейлік жалдамалы әскерінің хайуани әрекеттерін жариялады

KAZAKBOL.COM

RFI француз басылымы Орталықафрикалық республикадағы Ресейдің жалдамалы әскерінің қылмыстық әрекеттерін әшекере ететін зерттеу материалын жариялады.

Олар Орталықафрикалық республикада (ОАР) үкімет жағында соғысып жүрген ЧВК Вагнера, Sewa Security Services және Lobaye Invest SARLU әскерлері жайлы. RFI мәліметінше, олар бейбіт тұрғындарды аяусыз зорлап, өлтіріп жатыр.

Бұл БҰҰ-ның арнайы жұмыс тобының материалында жарияланған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, биыл қаңтардан сәуір айына дейін әскерлер сотсыз 26 адамды өлім жазасына кескен. 5 топтық зорлық жасап, 27 рет тергеу барысында адамдарды азаптаған. Бейбіт тұрғындарға оқ атқан.

RFI материалына қатысты Ресей елшілігі әзірге түсініктеме бермеді. Бірақ БҰҰ баяндамасын «расталмаған мәлімет» деп атаған.

Орталықафрикалық республикада 2013 жылдан бері көтерілісшілер мен қазіргі билік арасында соғыс жүріп жатыр. Ресей ОАР үкіметіне көмектесіп әскери кеңесшілер мен жалдамалы сарбаздар жіберген. Батыс БАҚ-тың мәліметінше, сарбаздар саны екі мыңға жетеді. Олар үкімет әскерімен бірге стратегиялық нысандарды күзетіп жатыр. Бірақ Кремль болса, мұны теріске шығарып келеді. ОАР-дағы Ресей елшісі тек 535 ресейлік «инструкторлар» қатысып жатқанын, олар соғыспайтынын жеткізген.

2018 жылы ОАР-да ресейлік журналистер Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченко өлтірілген. Олар «Вагнера» ресейлік жекеменшік әскери компанияның соғысқа қатысы бар-жоғы жайлы фильм түсірмек болған.

Ресейдің тергеу комитеті журналистерді белгісіз арабтілді бұзақылар өлтірді деген шешімге келген. Бірақ «Досье» орталығының тәуелсіз зерттеушілері оларды арнайы операция «құрыққа» түсіргенін жариялаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM