Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Росатом Қырғызстанда шағын АЭС салғысы келеді

KAZAKBOL.COM

«Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен Қырғызстан энергетика министрлігі шағын атом электр станцияларын тұрғызу бойынша әріптестік меморандумына қол қойды.

Росатомның ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, құжат 20 қаңтарда Дубайдағы «Экспо-2020» көрмесінде қабылданған. Ресей шағын атом технологиясын осы жерде көрсеткен.

Меморандумға корпорацияның бас директоры Алексей Лихачев пен қырғыз энергетика министрі Доскул Бекмурзаев қол қойды.

«Қырғызстандағы мұндай атом станциялары елдің энергетикаға сұранысын өтеп қана қоймай, халық тұрмысының сапасына, Орталық Азиядағы ғылыми-техникалық жағдайының дамуына оң әсер етеді», — деп мәлімдеді Алексей Лихачев.

Қырғызстанның энергетика министрлігі әріптестік меморандумы туралы мәлімет таратып, «қырғыз жағы бар болғаны қызығушылық білдіргенін», Қырғызстан аумағында шағын АЭС салу туралы шешім қабылдау үшін көп уақыт қажет екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM