Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Роскомнадзор» Азат Еуропа/Азаттық радиосының (RFE/RL) орыс тіліндегі сайттарын бұғаттады

KAZAKBOL.COM

Азат Еуропа/Азаттық радиосының (RFE/RL) орыс тілінде хабар тарататын үш сайты Ресей бас прокуратурасының 26 наурыздағы талабымен бұғатталды.

Ресейдің БАҚ саласын бақылайтын органы — «Роскомнадзор» Ресей аумағында Азаттық (Қазақстан), Азатлык (Түркіменстан), Озоди радиосы (Тәжікстан) сайттарын бұғаттады.

Бұл туралы ресейлік Mediazona тәуелсіз басылымы «Роскомнадзорға» сілтеме жасап хабарлады.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген уақытта Ресей билігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы мен оның жобаларын, сонымен бірге басқа да тәуелсіз сайттарды бұғаттады. Ресейдегі бірқатар тәуелсіз басылым жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Атап айтқанда, Mediazona басылымы да Ресейде бұғатталды. BBC, The New York Times секілді танымал ақпарат құралдары Ресейдегі жұмысын тоқтатты.

2020 жылы Ресей Азаттық радиосын «шетел агенті» тізіміне енгізген. Азаттық радиосы Орыс қызметі Украинада соғыс басталған уақытта Ресейдегі жұмысын тоқтатты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM