Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Рота сержанттары кәсіби біліктілігін арттыруда

KAZAKBOL.COM

Шымкенттің механикаландырылған бригадасында рота сержанттарымен жиын өтті. Оқыту шеңберінде дене шынықтыру дайындығы, әскери техникаға қызмет көрсету, жеке құраммен жұмыс бойынша дәріс және нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.

 

Сержанттар бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда тәжірибе алмасты.

— Сержанттар – кез келген бөлімшенің негізі. Олар жеке құраммен тікелей жұмыс істейді. Бөлімшенің жауынгерлік дайындығы сержанттың басқаруға, бұйрықтар беруге және жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілеттілігіне байланысты, — деді механикаландырылған бригаданың сержанты 1-сыныпты сержант Рауан Әлімбетов.

Жиын соңында бригаданың кіші командирлік құрамы қызметінің қорытындысы шығарды.

Сержанттарға сарбаздарды жеке оқытуда, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ күнделікті қызметті ұйымдастыруда маңызды рөл берілетінін атап өткен жөн.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM