Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сұрқандарияда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан бір адам қаза тапты (видео)

KAZAKBOL.COM

4 мамырда таңертең Өзбекстаннның Сұрқандария облысы Шурчи ауданындағы «Озод» махалласында орналасқан жанармай құю бекеті жарылып, бір адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, «жарылыстан зардап шеккен бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді».

Алайда оқиға куәгерлері министрлікті жалған ақпарат таратты деп айыптады. «Өрт шыққан кезде біз сол маңда болдық. Өрт сөндірушілер екі сағаттан кейін келді. Сосын олардың өрт сөндіретін арнайы техникасы жоқ екені мәлім болды. Олар ештеңе істей алмады. Өрт төрт сағаттан соң өзі өшті», — дейді куәгерлердің бірі.

Шурчи ауданының бір тұрғынының айтуынша, бекет қожайыны керосин сақтайтын цистернадағы тесікті байқап, оны желімдейтін маман Абдуназар Холмуродовты шақыртқан.

– Желімдеу кезінде ұшқын цистернаға тиген. Қатты жарылыс болды. Адам шар сияқты ұшып кетті. Оның денесінің 95 пайызы күйіп қалды. Абдуназар-аканы көрпеге орап, ауруханаға жеткіздік. Жедел жәрдем екі сағаттан соң келді, дәрігер темекісін шегіп, кетіп қалды. Абдуназар Холмуродов ауруханада қайтыс болды, оны жерледік, – деді аудан тұрғыны.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM