Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

СҚО-да имамдар жаназадағы ысырапқа тыйым салды

KAZAKBOL.COM

Солтүстік Қазақстан облысында имамдар жаназа және жерлеу рәсімдерінде, діни жоралғылардағы ысырапты тоқтату туралы шешім қабылдады. Имамдар , молдалар және тұрғындар қатысқан жиыны 12 қаңтарда Петропавлдағы «Қызылжар» облыстық мешітінде өтті.

Имамдардың айтуынша, бұл шешімнің мақсаты — Ислам дінінің шариғатына қарсы келетін ысырапшылдықты тоқтату, қара жамылып отырған отбасыға ауыртпалық түсірмеу.

Жиында жаназада, марқұмның жеті күні, қырық күні және жылында дастарханға қымбат тағамдар қоюға, жаназаға қатысушыларға садақа ретінде орамал, киім, кілем тағы да басқа заттар таратуға тыйым салынды. Бұл шешімнің орындалуын облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттердің имамдары мен молдалары, қажылар бақылайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM