Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сағат сайын 20-дан аса тәжік азаматы Ресей паспортын алады

KAZAKBOL.COM

Кейінгі жылдары Ресей азаматтығын алғысы келетін шетел азаматтарының саны күрт азайды. Бірақ Тәжікстан азаматтары осы елдің паспортына ие болуға ынтық.

Орташа есеппен алғанда, 2023 жылдың басынан бері әр сағат сайын Тәжікстанның 20-дан аса азаматы Ресей паспортына ие болған.

Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биыл үш айда 106 мыңнан аса шетел азаматы Ресей азаматтығын қабылдаған. Бұл — былтырғыдан 35 мың адамға аз көрсеткіш.

Алайда Ресей азаматтарына қосылған тәжікстандықтар көбейіп келеді. Алғашқы тоқсанда Тәжікстанның 44 мың 854 азаматы Ресей паспортын алған. Күнде 500-ге жуық тәжік азаматы жаңа паспортқа ие болған. Былтыр алғашқы тоқсанда 33 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын қабылдаған.

Ресей азаматтығын қабылдау көрсеткіші бойынша Украина азаматтары екінші орында тұр. Осы елдің 22 мың азаматы Ресей паспортын алған. Биыл 6,9 мың қазақстандық Ресей азаматы атанған.

Жыл сайын Тәжікстанның жүздеген мың азаматы шетелге жұмыс істеуге кетеді. Олардың дені Ресейге барады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM