Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Садыр Жапаров: Тәжікстанмен шекара мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғыз президенті Садыр Жапаров 17 сәуірде «Кабар» ұлттық мемлекеттік агенттігіне берген сұқбатында қырғыз-тәжік шекарасына байланысты жағдайға тоқталды. Онда екі тарапты келіссөздерде нәтиже бар екенін, бірақ өте баяу жүріп жатқанын жеткізді.

«Өте баяу жүріп жатыр. Егер екі тараптың мүддесін бірден есепке алып, екі тарап де тең шекара сызығын сызуға келіссе, бір-екі айдың ішінде шешіліп қалар еді. Бірақ көршілер біраз жер учаскесіне келгенде, «бұл жерді 1924 жылы картамен шешілген» деген ұсыныстар енгізіп жатыр. Осы үшін мәселе тоқтап қалып жатыр. Шын мәнінде 1924 жылғы картамен шешу деген ұсыныс заңдық және моральдық жақтан да дұрыс емес. Себебі 1924 жылы олар да, біз де тәуелсіз ел емес едік», — дейді Жапаров.

Ол егер тараптар 1924 жылғы картамен шешсе, онда осыған дейін бөлінген шекара сызығының бәрін қайтадан қарау керек екенін айтты.

Бішкекте 1-7 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметінің шекараны белгілеу бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуі өткен.

Енді жұмыс тобы 10-16 наурызда Душанбеде жолығады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM