Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Самарқанда табиғи газ талап етіп, наразылық білдіргендер жауапқа тартылды


Самарқанд облысында табиғи газдың берілуін талап етіп жолды жапқан 13 адам жауапқа тартылды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

26 қыркүйекте 13 тұрғын табиғи газ берілуін талап етіп, Самарқанд облысындағы үлкен жолды жапқан.

Олар тұратын ауылда 2015 жылы газ беруді тоқтатқан. Содан бері халқы сұйылтылған газды пайдаланып келеді. Наразылық білдірушілер сұйылтылған газ соңғы рет шілде айында таратылғанын айтқан.

Самарқанд аудандық сотының шешіміне сәйкес, 13 адамға «ұсақ бұзақылық жасады», «митинг, шеру ұйымдастыру тәртібін бұзды» деген айыптар тағылып, екеуі 5 тәулікке, қалғаны 11 тәулікке қамауға алынды.

Тамыз айының басында 11 әйел Әндіжан жолын жаппақ болғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Шілде айында Шыршық ауданы Айрит ауылында наразылық білдірген тоғыз адам 15 тәулікке қамалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM