Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Самарқандта Ауғанстанға көрші елдер бірлескен жоба әзірлеуге келісті

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанға көрші елдер осы елдің инфрақұрылым және әлеуметтік жобаларына қатысуға дайын екенін жеткізді. Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

13 сәуірде Смарқандта Ауғанстанға көрші елдердің – Өзбекстан, Иран, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстанның сыртқы істер министрлерінің төртінші отырысы өтті. Бұл шараға Өзбекстан төрағалық етті.

Жиынға Ауғанстанның уақытша үкіметінің сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки және «Талибан» қозғалысының өкілдері қатысты.

Форум барысында тараптар инклюзивті үкімет құру, әйелдерді жұмысқа орналастыру, білім беруді қамтамасыз ету, аз ұлт өкілдерінің құқығын қорғау мәселесін талқылады.

Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсету және ұлттық экономиканы қалпына келтіруге бағытталған әрекеттердің механизімін істеп шығу қажеттігі айтылды.

Тараптар Ауғнстанға көрші елдердің қатысуымен инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруға келісті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM