Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Санақ: Қазақстан халқы 19,1 млн адамға жетті, қазақтардың үлесі – 70 пайыз

KAZAKBOL.COM

1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жетті. Санақтың нәтижесі жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндаған премьер-министр Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді.

Қазақстандықтардың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы – әйелдер.

«Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен. Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған» делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстанда халық санағы он жылда бір рет өтеді. Бұған дейінгі санақ 2009 жылы өткен еді. Санақ қорытындысы бойынша елдегі халық саны 16 миллион 9 мың болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM