Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сапарбаевтың Қызылорданы басқарып отырған інісі өзіне сұрақ қойғандарға ұрысып тастады

KAZAKBOL.COM

Скриншот: 31 арна

Талсуат ауылының тұрғындары алдында есеп берген Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сұрақ қойған тұрғынға ұрсып тастады деп хабарлайды 31 арна. 

Ауыл мәселесін көтерген азаматтың белсенділігі жақпай қалса керек, қала әкімі  «шенеуніктердің халық үшін жасап жатқан жұмыстарына алғыс айту керексіңдер» деп ренжи сөйледі.

Кездесу апта соңында болған соң, жиынға келгендер маужырап отырғандай болды. Ал жиналыс үстінде байыз таппай жүрген әкімдік қызметкерлері көзі ілінгендей көрініп отырған көпшілікті түрткілеп оятып жүрген.

Осылайша 40 минуттай оқылған баяндамадан соң, тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына да кезек келді.

«Ауылымызда бұдан даңғарадай клуб тұр. Бұдан екі есе келеді. Соны жөндеп, халықты соған шақырып. Сол жерде неге жастар, кәрілер жиналмаймыз?», — деген тұрғынның сауалына әкім:

«Әр нәрсенің заңдылығы бар. Сол бойынша жасалады. Оған қуану керек. Елбасына, облыстың басшысына, осы сіздер үшін қызмет жасап жүрген азаматтарға осы халыққа жұмыс істеп жатқанына рахмет айту керек. Жаңағыдай әңгіменің қажеті жоқ деп есептеймін», — деп жауап берген.

Әкімнің халыққа «рахмет айту керек» деген сөзі әсер еткендіктен болар, осыдан кейін жиналған ауылдықтар бірінен соң бірі қала басшысына алғыстарын жаудырды.

Айта кету керек, Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың інісі болып келеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM