Көрнекі фото: geo-politica.info
Бұл туралы әлемдегі ең беделді 146 сарапшы мен экономистер арасында жүргізілген сауалнама барысында белгілі болды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы.
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (85 пайызға жуығы) Еуропадағы келер жылға белгілінген сайлаулардың (Германиядағы парламенттік сайлау мен Франциядағы президенттік сайлау) әлем экономикасына әсер ететінін айтқан. Ал Дональд Трамптың сыртқы саясатының қалай өрбитіні сарапшылар үшін маңыздылығы жағынан екінші орында екен.
Үшінші қатер ретінде респонденттер Ресей президентінің сыртқы саясаты, Британияның Еуроодақтан шығуы мен «жаһандық киберсоғысты» атайды. Сонымен қатар Қытайдағы биліктің өзгеруі де көпшілікті алаңдататын көрінеді.
KAZAKBOL.COM