Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сарбаздар еліміздің Батыс өңірінінен туған жерлеріне оралуда (фото)

KAZAKBOL.COM

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өткізілді. Салтанатты шара кезінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 700-ге жуық сарбазы әскери бөлімнің саптық алаңымен соңғы рет өтті, оның 500-ге жуығы теңіз жаяу әскері сарбаздары.

 

Сарбаздардың әскери бөліммен қоштасу іс-шарасы салтанатты  түрде Ақтау, Ақтөбе және Атырау әскери бөлімдерінің жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпымен аяқталды. Бір жыл бойы сарбаздар жауынгерлік мамандықты меңгеріп, жауынгрелік даярлықта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олар өздерінің машықтылығын көптеген оқу-жаттығулары мен «Батыс-2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде көрсете алды.

Осы іс-шараға орай, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сарбаздар грамотарлармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, олардың ең үздіктері әскери атаққа ие болды, солардың ішінде ефрейтор Сартай Дархан.

«Әскердегі бір жыл, мен және менің қызметтестерім үшін нағыз ерлік пен достықтың, өр мінезділік пен қайраттылықтың емтиханы болды. Бүгін біздер кіндік қанымыз тамған өлкемізге нағыз ер азамат болып оралудамыз. Бұның барлығы дерлік біздің командирлеріміздің арқасында, сол үшін оларға мың алғыс», – деді ефрейтор Сартай Дархан.

Әскери бөлімдердегі қалыптасып қалған салттарға сәйкес сарбаздар саптық алаңмен соңғы рет шерумен өтті. Бір қызығы, мерзімді әскери қызметшілердің біразы келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға бел буып, Қарулы Күштердің қатарында тұрақты түрде қалды, ал кетіп бара жатқандардың орның еліміздің барлық аймақтарынан күзгі шақырылымның жас сарбаздары толықтырады.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасының баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM