Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сауд Арабиясы Суданнан тағы 200-ге жуық адамды эвакуациялады. Арасында өзбек азаматтары да бар

KAZAKBOL.COM

Сауд Арабиясы бес азаматын және 10 елдің 198 азаматын азамат соғысы жүріп жатқан Суданнан эвакуациялады. Азаматтар 26 сәуірде ұшақпен Жиддаға жеткізілді. Бұл туралы Сауд баспасөз агенттігі (SPA) хабарлады.

Эвакуацияланғандар арасында Ресей, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Өзбекстан, Йемен, Сингапур, Камбоджа, Малайзия және Пәкістан азаматтары бар. Агенттік қай елдің қанша азаматын соғыс ошағынан шығарғанын хабарламады.

15 сәуірде ұрыс басталғалы бері Сауд Арабиясы Суданнан барлығы 2351 адамды алып шықты. Олардың 119-ы Сауд Арабиясының азаматы, 2232-і әлемнің 67 елінің азаматы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Судандағы соғыста 15 сәуірден бері 459 адам қаза болып, 4 мыңнан аса адам жараланған.

Суданда ел әскері мен үкіметтің «Шұғыл қолдау күштері» (RSF) әскери тобы арасында қарулы жанжал болып жатыр.

2019 жылғы сәуірде RSF пен Судан армиясы әскери төңкеріс жасады: елді 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир қызметтен кетіп, әскерилер билік солар жасақтаған кеңес қолына өткенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM