Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сауда министрі көктемде азық-түлікті арзандатуға уәде берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстандықтар азық-түлік арзандағанын осы көктемде сезе бастайды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 16 ақпан күні сенат отырысының сыртында осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен Кursiv.media үзінді келтірді.

Министрдің айтуынша, жуырда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түліктің 19 түрі арзандай бастайды.

«Бірінші кезекте, тапшылыққа жол бермеуіміз керек. Екіншіден, бағаны тұрақты ұстау керек. Үшіншіден, арзандатуға қарай бағыт бұруымыз керек. Ақпан-наурызда арзандату трендіне жол ашамыз. Жұртқа азық-түлік жеткілікті екенін, байбалам жасауға болмайтынын түсіндірейік. Алаңдауға негіз жоқ» деді министр.

Оның айтуынша, елдегі дүкендерге тұрақтандыру қорларынан әкімдік белгілеген баға бойынша азық-түлік түседі. Бұл баға инфляцияны тежеуге мүмкіндік береді.

Сауда министрінің айтуынша, Пәкістаннан Қазақстанға екі жүк көлігімен картоп әкелініп, пияз бағасы тұрақтандырылған. Бұған қоса, күнбағыс майы бойынша меморандум жасалып, жұмыртқа өндірушілермен келіссөз жүргізілмек.

Кейінгі айларда Қазақстанда инфляция үздіксіз өсіп жатқаны хабарланды. Үкімет қымбатшылыққа қарсы шараларды жиі айтады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, елде инфляция көрсеткіші 20,3 пайыз болған. Бұған бірінші кезекте азық-түлік қымбаттағаны (бір жылда 25,3 пайыз қымбаттаған) ықпал еткен.

Еңбек министрлігі елде инфляцияның салдарынан табысы азайған әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар көбейгенін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM