Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сексеуілдің келешегі әр қазақстандықтың қолында

KAZAKBOL.COM

2019 жылдың 9 қазанында Алматы қ. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта уақытша арт-инсталляцияның – қазақстандықтарды өсімдіктер әлеміне, соның ішінде бірегей ағаш — сексеуілге ұқыптылықпен қарауға шақыратын «4 тонна құмның» таныстырылымы өтті.

Қазақстан аумағының бар болғаны 4,74%-і ғана орман алқаптары, оның ішіндегі барлық орман қорының жартысына жуығы секскеуілден құралады. Өкінішке орай, қолданыстағы заңнамалық тыйымға қарамастан, қазақ даласының символы – сексеуіл жылыту және тағам (кәуап) дайындау үшін отын даярлау мақсатында әлде де кесіліп жатыр. Сексеуілді сату тас жолдардың бойында, жарияландыру сайттарында іске асырылуда.

Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мемлекеттік серіктестермен бірлесе отырып, аса маңызды экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар жобаларды іске асырады және Тұрақты дамудың 15-ші: «Құрлықтағы экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру және олардың оңтайлы пайдалануға ықпал ету, ұтымды орман пайдалану, шөлейттенумен күресу, жерлердің азу барысын тоқтату және кері қайтару, әрі биологиялық әралуандықты жоғалту процесін тоқтату» мақсатына жауап береді.

Осылайша, БҰҰДБ мен Қазақстан Үкіметінің «Түрлі пайда табу үшін басты жаһандық маңызы бар экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» атты Жаһандық экологиялық қор қаржыландыратын бірлескен жобасының аясында елді биоалуандығын сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қорғауға мұқтаж басымдық берілетін түрлер арасында – Қазақстанның шөлейттік экожүйелерінде өсетін сексеуіл.

«4 тонна құм» арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, халықтың бірегей түрлерге қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға, қоғамның өзінің күшімен сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға бағытталған. Бұл нысан 4-тонна құмға батқан тұрғын үйден құрылған композиция ретінде бейнеленген (құм Балқаштың шөлді аймағындағы Бақбақты ауылынан жеткізілген). Инсталляция адамдардың табиғат күштерінің алдында қалайша жеңіліп қалатынын көрсетеді. Мұндай мөлшердегі құм да аса көрнекті, сексеуілдің бір ғана түбі өзінің қуатты тамырымен 4 тонна құмды ұстап тұра алады. Сексеуілдің тамырын шабу шөл даланың ұлғайуына алып келеді. Оның ұстап тұрушы тамырынан ажыраған құмдар көшіп, барқандарға айналады.

«Құмға көмілген үй – жерлердің азуының және ауылдарымызға құмның құйылуының жарқын символы іспеттес. Бұл дәл жанымызда болып отырған нәрсе, Алматы қ. 160 км жерде сексеуіл шабудың салдарынан құм Бақбақты ауылын көміп жатыр. Мұндай инсталляция арқылы біз көрнекі түрде сексеуілді шабудың нәтижесінде шөлейттенудің қандай салдары болатынын көрсеткіміз келді», — деп атап өтті ҚР Экология, геология және табиғи қорлар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Сексеуілдің азайуына ықпал етуші факторларға, заңсыз шабудан бөлек, шектен тыс мал жаюды, климаттың өзгеруінің нәтижесінде туындайтын аурулар мен зиянкестерді жатқызуға болады. Осынау экологиялық проблеманы шешу жолдарының бірі ретінде сексеуілді қорғау бойынша шараларды күшейту, сексеуілді шабуға байланысты мораторийді

ұзарту, орман тәлімбақтарын дамыту, сексеуілдерді зиянкестерден қорғау үшін жаңа биопрепараттарды қолдану және т.б. іске асыру қажет.

Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін Алматы қ. мейрамханалары мен дәмханаларының арасында тағамдарды даярлау барысында сексеуілді қолданудан бас тартуға шақыратын «Жасыл мейрамхана» эко-науқаны жарияланған, оның қорытындысы бойынша ең экологиялық тамақтану орындарына қоршаған ортаға, сексеуілге деген жақтаушылық пен жанашырлығын растайтын арнайы «Жасыл сертификат» беріледі. Бұл науқанды Шымкент, Қызылорда және Тараз қалалары қолдайды деп күтілуде.

Оған қоса, осы жылдың 21-22 қарашасында Қызылорда қ. сексеуілді қорғау бойынша аймақтық конференция аясында (Халықаралық ормандар күні аясында) 21 наурыз Сексеуіл күні деп жарияланады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM