Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Семейде «вакцинаның жалған паспорттарын сатқан» екі медицина қызметкері ұсталды

KAZAKBOL.COM

Семейде коронавирусқа қарсы вакцинаның 30-дан астам жалған паспортын «сатқан» екі медицина қызметкері ұсталды. Бұл туралы дүйсенбі күні ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады деп жазды Vlast сайты.

«Семейде жедел шара барысында вакцинаның жалған паспортын сату арқылы ақша таппақ болған екі медицина қызметкері анықталды. Қаладағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде жұмыс істейтін қызметкер жекелеген азаматтардан 15 мың теңге көлемінде ақша алған. Ақшаның бір бөлігі яғни, 10 мың теңге төлқұжат, құжат көшірмелерімен бірге жедел жәрдем орталығындағы танысына берілген. Ол вакцина туралы дерек қорына бұрыс мәліметті енгізген» деді Шұғыла Тұрлыбек.

Министрліктің хабарлауынша, қазір қылмыстық іс аясында полицейлер вакцинаның жалған паспортын алған адамдарды анықтап, тергеп жатыр. Ұсталғандар 30-дан астам тұрғынға жалған құжат сатқанын мойындаған. Алайда тергеу органдары бұдан да көп жалған құжат сатылуы мүмкін деп топшылайды.

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жалған құжаттар мен медициналық деректер жойылады дейді министрлік.

28 шілдеде ішкі істер министрлігі Қазақстанда жыл басынан бері вакцинаның жалған паспортын жасау бойынша 39 қылмыстық іс ашылған деп мәлімдеген.

Министрлік заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM