Семейде мас ер адам ақша бермей қойған анасын аяусыз соққыға жықты. Салдарынан әйел емханада көз жұмған. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
59 жастағы зейнеткер 37 жастағы ұлына ақша беруден бас тартқан. Бұған ашуланған ер адам оны аяусыз соққыға жығады. Көршілердің айтуынша, ер адамды полицейлер сол сәтте тоқтатып, бөлімшеге алып кеткен. Алайда көп ұзамай үйіне қайтқан ол тағы да анасына тап береді.
Ол зейнеткерді көпшіліктің көзінше тепкінің астына алып, полицейлер жеткенше өлімші етіп сабаған. Әйел көп ұзамай емханада көз жұмады.
Семейдің №2 соты ер адамды он жылға жалпы режимдегі колонияға қамау шешімін шығарды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
KAZAKBOL.COM