Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сенат заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы даулы заң жобасын мақұлдады

KAZAKBOL.COM

29 маусымда сенат «Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты «заңсыз иемденген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» деп айтылады.

Қаңтар оқиғасынан кейін «қоғамның талабы негізінде» әзірленді деп айтылған құжат халық несібесінен желінген байлықты қайтара алатынына күмәнданатындар көп.

Бейсенбі күні сенат депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Андрей Лукин журналистерге заң жобасына қатысты «ешқандай сома, ешқандай аты-жөнді атай алмайтынын» жеткізді. Оның айтуынша, сенат заң жобасына ешқандай түзету енгізбеген.

«Заңды сенат депутаттары ешқандай толықтыру және өзгеріссіз қабылдады» деді депутат. Ол «Қазақстанда заңсыз алынған активтерді қайтару үшін барлық шара қолданылады» деді.

Құжатқа сәйкес, заңсыз активі бар болуы мүмкін деген жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган алдымен күдіктілер тізіміне енгізеді. Тізім аноним түрде жасалады. Яғни оған кім енгені құпия болады. Тізімге жиынтық мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 13 миллион еселенген (шамамен 45 миллиард теңге) мөлшеріне тең немесе одан асатын активі бар адамдар ғана енеді. Бейсенбі күні журналистер Лукиннен «бұл цифр қайдан шықты?» деп сұраған еді. Ол «бұл заңның ұстанымы және заң жоба авторларының ұстанымы. Мемлекет жазалауды мақсат етпейді, мәселе активтерді өз еркімен қайтару, ол ақшаны мемлекет игілігіне жұмсау мақсатында мемлекет қазынасын толтыру жөнінде болып отыр» деді.

«Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заң жобасын бұған дейін белсенділер мен сарапшылар да сынаған. Бұған дейін Elge Qaitaru қоры «заңсыз шығарылған активтерді қайтару» туралы заң жобасында кемшілік көп екенін айтқан. Алайда заң жобасына айтарлықтай өзгеріс енгізілмеді. Қоғам белсенділері «құжат мемлекетті тонағандарға жауаптан жалтаруға мүмкіндік береді, тіпті заңсыз алған активтерін заңдастыруға жағдай жасауы мүмкін» деген қауіп айтқан. Мысалы, олар заң жобасындағы «активтерді өз еркімен тапсыру» туралы норманы алып тастау керек, «активтерді өз еркімен тапсыру туралы норма амнистиямен пара-пар» деген еді кейбір белсенділер.

Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд теңге актив қайтарылғанын хабарлаған. Қай елден және кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашық жарияланбаған. Биыл сәуір айында Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары мәлімдемесінде Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған. Қордың сарапшылары активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында «тиісуге болмайтын» адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, «заңмен құқығы мүлде шектелмеген» көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM