Олий Мажлис Сенаты спикерінің орынбасары Садык Сафаев Өзбекстан АҚШ-пен әскери база құру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ деп мәлімдеді.
Сенатордың сөзінше, Өзбекстанның ресми өкілі мұндай диалог жүргізуге құқығы жоқ, себебі заңда көрсетілмеген.
Осының алдында The Wall Street Journal басылымы АҚШ Орталық Азиядағы Ресейдің әскери базасын бірлесіп пайдалануға қызығушылық танытып отыр деп жазған. Онда мұндай келіссөз АҚШ-тың Бірлескен комитетінің штаб басшысы, генерал Марк Милли мен Ресей Қарулы күші бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен 22 қыркүйекте Хельсинкиде өткені айтылған.
KAZAKBOL.COM