Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін «рейдерлікпен тартып алған»

KAZAKBOL.COM

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алған деп күдіктенеді. Ведомство тергеу аяқталғанын хабарлады.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің мәлімдемесі бұрынғы министрдің сот отырысынан тараған видеосынан кейін шықты. Мұхамедиұлы сот отырысында «жемқорлықпен күрес қызметкерлері «Дипломат» қонақүйін үшінші тұлғалардың атына қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залал төлеуге мәжбүрледі» деген. Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп біледі.

«Дипломат» қонақүйін рейдерлікпен тартып алды деген күдікпен Мұхамедиұлына байланысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды. Осыған байланысты Мұхамедиұлы аталған мән-жай жөнінде сот пен жұртшылықты адастыру, жауапкершіліктен жалтару мақсатымен жалған ақпарат таратты» дейді ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты агенттік «жала жабу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе қарастырылып жатқанын хабарлады.

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының соты биыл сәуірде басталған. Оған Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрғанда «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM