Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШҚО-да қайнысына тұрмысқа шыққан келіншек азапты күндерін баяндады

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото

Қазақ салтының бірі — әмеңгерлік. Яғни күйеуі қаза болып, жесір қалған әйелді қайнысына немесе жұбайының ең жақындарына тұрмысқа беру. Бұл көнеден келе жатқан дәстүрді ШҚО-ның тұрғыны Бану есімді келіншек те басынан өткеріпті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айтуынша, күйеуі жол апатынан дүние салғандықтан, үлкендер үш баланы жетімсіретпей туған қайнысына тұрмысқа берген.

«2010 жылы жолдасым кенеттен қайтыс болды. Ол кезде тұңғышымыз төрт жаста, екіншім үш жаста болатын. Ал кенже балама аяғым ауыр еді. Отағасының қырқын өткергеннен кейін, үйдегі апамыз қайныма тұрмысқа шығуымды өтінді. Бар ақылы балалар жатбауыр болып, жетімсіремесін деді. Мен бұған басында көнбедім. Өздері қайнымды да маған үйленуге үгіттеп қойған. Ол да өмірі үйленбеген. Жолдасымнан бар болғаны үш жас кішкентай. Не керек. Бір күні енем үйге анамды шақыртты. Екеуі бізді орталарына алып, туған анам әңгіме бастады. «Қызым, тірі адам тіршілігін жасайды. Енді күйеуің қайтып келмейтіні белгілі. Сен тұрмысқа шығуың керек. Қайныңмен бас қосқаныңды қалаймын деді», — дейді Бану.

Осылайша, үлкендердің қалауын жерге қалдырмаған кейіпкеріміз қайнысына тұрмысқа шыққан. Бірақ, кезінде мінезі жуас азаматтан жуан шығады деп үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Бір жастықты бөліспек тұрмақ, бір бөлмеге сыймайтын болдық дейді.

«Арада, 6 ай өткенде үшіншімді босандым. Дәл сол сәтте, енем қайтыс болды. Әңгіме, содан басталды. Бұрын ішімдіктен татып алмаған қайным, ауыл азаматтарына қосылып, аузы арақтан құрғамады. Күнде тойып келіп, тегін концерт қоятын болды. Жанжалды өзі бастайды. Жатсақ та,  тұрсақ та айтатыны бір нәрсе. Маған, ағамды сен өлтірдің. Туған ұлың шешемді жалмады. Сенімен тұрғым келмейді. Құзғындарыңды ертте көзіңді құрт дей берді», — дейді тегін атамауды жөн санаған кейіпкер.

Бірақ, Банудың анасы мен ағалары алғашында қыздарының қайтып келгенін қаламаған. Олар, не болсада тағдырдың жазуына төзуін талап етіпті. Сондықтан барлығы күйеу балаларының сөзін сөйлеп келген.

«Жақындарымды көрсем, шыдамай жылап жіберем. Олар маған өлсең осы үйден сүйегіңді де алмаймыз деп ұрсатын. Бір күні таңертең ерте тұрып қазіргі күйеуіммен тілдесуді жөн санадым. Өзі қасыма да жатпайтын. Бөлек қонақ бөлмесін паналап жүрді. Жайлап қасына бардым. Ойымда жүрген сөздің бірін ашық айттым. Сонда мені сүймейтіндігін және кешке өзі келгенше үйден кетіуімді сұрады. Ал мен балаларыммен қайда барам? Туғандарым есігінен аттатпайды.

Амалсыз үйде қалдым. Түнгі сағат 11-де, есікті қақты. Ашсам қасында бір әйел бар. Бану шай қойып, бізге төсек сал деп бұйырды. Бәрін істедім. Бір мезетте жетімдеріңді алда көзіңді құрт. Тез киім-кешегіңді жина да шық. Енді маған жолама деп үйден шығарып есікті құлыптап алды. Сол күні көрші-қолаңның үйіне баруға ұялып сиыр қорада түнедік. Ертеңінде үлкен ағама қоңырау шалып, бәрін айттым. Бірге туғаным ғой, келді де жинап әкетті», — дейді Бану.

Қазір Бану бала-шағасымен анасының қолында тұрып жатқан көрінеді. Кейіпкеріміз дамыған заманда әмеңгерліктің қажеті шамалы екендігіне көз жеткізіпті. Сондықтан, өзі сияқты жесір қалған келіншектерге көне салтпен тұрмыс құрмауға кеңес береді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM