Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШҚО-да полицейлер ауылда оқ атып, бір азамат ауыр жараланды (фото, видео)

KAZAKBOL.COM

Зардап шеккен Орал Бармантев. Фото: NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Мамырсу ауылында арақ ішкен жүргізушіні құрықтау кезінде полиция ескертусіз оқ атып, салдарынан 63 жастағы қария сал болып қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Қайғылы оқиға 26 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған.

«Менің әкем Орал Бармантаев досы екеуі күндіз арақ ішеді. Сосын әкем масайып жеңіл көліктің ішінде ұйықтап қалған. Ал, досы рөлге отырып, көшеге шыққанда көліктің жарығын қосуды ұмытып кеткен. Осыны байқаған полиция «тоқта» деп белгі береді. Ал, жүргізуші арақ ішкенінен қорқып, полициядан қашып Мамырсу ауылына қарай көлікпен кетіп қалады. Әкем артқы салонда ұйқыда болған. Жүргізуші тоқтамаған соң полицей тапаншадан оқ атқан. Оқтың бірі көліктің шамын тесіп өтіп, әкемнің арқасындағы жұлынына тиген», — деді науқастың ұлы Айбек Бармантаев.


Науқас Орал Бармантаевтың денесіндегі полицейлердің тепкісен қалған соққы ізі. Фото: NUR.KZ.

Орал Бармантаев қазір Семейдегі облыстық ауруханада жатыр. Оқтың салдарынан жұлыны зақымдалып, екі аяғы бірдей істемей, сал болып қалған.

Айбек Бармантаевтың сөзінше, оқиғадан соң үйлеріне Аягөз аудандық үш полицей келіп кешірім сұрапты.

ШҚО ІІД баспсөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер күдік тудырған Mazda 323 көлігін тоқтату үшін екі рет дөңгелекке оқ атып, абайсызда адамды жарақаттаған.


Көрнекті сурет. YARNEWS.NET сайтынан.

«Атаған оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі мас болып көлік жүргізген азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 380 бабымен (билік өкіліне қарсылық таныту, күш көрсету) тергеу басталып, күдікті сол күні екі айға қамауға алынды. Себебі, азаматтың мас екені анықталды. Тексеру кезінде полицейлерді теуіп, түймесін жұлып, киімін жыртқан. Ал, полицейлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 362 бабы (қызметін асыра пайдалану) бойынша екінші іс қозғалып, тергеліп жатыр. Аталған оқиға департамент басшысының жіті назарында», — дейді баспасөз жетекшісі Бақытжан Садықұлы.

Оқиғаны көрген Мамырсу ауылының тұрғындары болса полицейлердің сөзі өтірік деп отыр.

«Мал қамап жүріп төрт рет оқ атқанын естідік. Басында ит аулап жатыр екен десек, патрульдік машина ауыл ішімен шаңдатып көлік қуалап жүріп оқ атып жатыр екен. Жүргізуші тоқтаған кезде үш полицей екі шалды көліктен шығарып ала сала жерге жатқызып, тепкілеп жатыр.


Мамырсу ауылының тұрғындары өз көргендерін айтуда. Фото: Видеодан үзінді.

Жүргізуші Закиров Райыптың жасы 65-ке келген, шал адам. Ол полицияға қол көтерген жоқ. Себебі, Райыпты көліктен полиция шығарып қолын қайырып, жерге жатқызып, кісен салғанын көзімізбен көрдік. Байқұс жалаңаяқ тұрып: «үйге барып аяқ кимімді киіп алайыншы» деген сөзі үшін үш жас жігіт жабылып тепкіледі. «Қойыңдар» деп араласайық десек, сендерді де қамаймыз деп бізді қорқытты», — дейді ауыл ақсақалдары.


Күдікті ретінде қамауға алынған Райып Закировтың әйелі. Фото: Видеодан үзінді.

«Күйеуімді тепкілеп жатқанын көріп балам мен келінім «бұларың не, тоқтаңдар» деп полицияға қарай жүгірді. Сол жерте формадағы жас жігіт тапаншаны балама көздеп,» кел бері жақында, әкеңнің артынан аттандырамын» деді айқайлап, шүріппені басып еді оғы бітіп қалған ба атылмай қалды. Біз қорқып оларға жолай бес метр жерден қарап тұрдық», — дейді Райып Закировтың әйелі.

Тағы бір айтары, полиция қызметкерлері екі азаматты сабаған сәтте видео камераны өшіріп, олардың қолына кісен салған кезде қайта қосып, әбден мазақтағанын ауылдағы оншақты тұрғыны көрген.

Оқиғаның қалай болғанына куә болған ауыл азаматтары құзырлы органнан жергілікті тәртіп сақшыларын жазалауды талап етіп отыр. Себебі, үш полицейдің қызметтерін асыра пайдаланып ауыл ақсақалдарын азаптап және осы істі бұрмалап, қарияларды кінәлағандарына ашулы.

Мамырсу ауылының тұрғындары оқиғаның айтып берді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM