Биіктен құлаған жас баланың қандай дәрежеде жарақат алғаны айтылмайды.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Риддер қаласында 10 жастағы ұл бала ойнап жүріп төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Оқыс оқиға кеше, 8 тамыз күні кешке сағат 20:00 шамасында тіркелген. Риддер қаласының бесінші шағынауданында құрылысы аяқталмаған 5 қабатты ғимараттың 4-ші қабатында 2006 жылы дүниеге келген бала ойнап жүріп, абайсызда аяғы тайып төменге құлап кеткен.
Биіктен құлаған жас баланың қандай дәрежеде жарақат алғаны айтылмайды.