Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақ көмегімен құтқарылды

KAZAKBOL.COM

Тікұшақта 2 дәрігер, инженер және командир және көмекке қажетті қондырғылардың барлығы бар.

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Ақжар елді мекенінде жеті айлық нәресте дүниеге келіп, шала туған сәбиге жоғарғы медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Алдымен Өскеменнен ұшып шыққан дәрігерлері бар Ан-2 ұшағы ауа райы қолайсыздығынан ауылға қона алмады. Келесі күні ҚР ІІМ ТЖК қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің жетекшісі Болат Доскенов «EurocopterEC 145» тікұшағымен шұғыл ұшуға бел байлайды.
Тікұшақта 2 дәрігер, инженер және командир және көмекке қажетті қондырғылардың барлығы бар. Алайда кешқұрым ұшып келгендіктен, қону оңай болған жоқ.
Дегенмен құтқарушылар мамандардың шеберлігі арқасында аман-есен қонып, жаңа туған сәбиге көмек көрсетті. Қазір нәресте мен анасы Өскемен қаласында дәрігерлердің бақылауында. Бұл жайында Өскемен қалалық ТЖБ хабарлап отыр.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM