Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШҚО тұрғыны таудан бір дорба алтын тауып алған (фото)

KAZAKBOL.COM

Табылған алтындар. Фото: 31арна

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тұрғыны бір дорба алтынды қалай тауып алғанын айтып берді деп хабарлайды 31 арна.

Шалқар Сағадиев Қызылкесік ауылының маңындағы Қубас асуында көлігі бұзылып, тас іздеп тауға шығады. Сол сәтте жол жиегінен 100 метр қашықтықта ескі кенеп қап ішінен белгісіз зат табылған.

«Cодан тас іздеп төбеге шығып кеткенмін. Жартастың түбінен бір мөшек тауып алдым. Ішін ашып қарасам, құйылған екі зат. Сап-сары. Тас сияқты қаттылау. Шифры, жазуы бар сыртында«, — дейді Шалқар.

Қаптың ішінен тары тектес ұсақ және пішінделген қалыбы бар заттар шыққан. Сонымен қатар 1968 жылы басылған «Уральский рабочий» газетінің кейбір даналары бар.

Азамат жедел жақын маңдағы елді мекеннің учаскелік полициясына хабарлап, алтын деп ойлаған затты сараптамадан өткізу үшін табыстап береді.

Бір қызығы, аудандық Ішкі істер бөлімі мұндай жайттың тіркелмегенін айтып отыр. Яғни, сараптама жасалмаған.

Ал, цилиндр формалы заттың сыртқы көрінісін қараған мамандар металл құймаларын былайша бояумен таңбалау сирек кездеседі дейді. Айтуларынша минералдың бір түрі болуы ықтимал.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM