Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің «жанын шығармақ» болды

KAZAKBOL.COM

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков өзіне жақпайтын сұрақ қойған тілшілерге жекіріп сөйлеп, шу шығарды. Тіпті «Егер ер бала болсаң, жаныңды шығаратын едім» деп қорқытты. Бұл туралы NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Шымкентте өткен көрмеге қатысқан Тұрысбеков тілшілер тарапынан «кәсібімді тартып алды» деп айыптаған Германия тұрғыны Роберт Шумахерге қатысты қойылған сұрақтан соң ашуға булығып кетті.

Алайда бұл мәселеге қатысты сұрақ «Нұр Отан» хатшысының ашуын келтіргені соншалық, журналистерге нені жазып, нені жазбау керектігін де айтуды ұмытпады. Тіпті журналист диктофнын екі қолымен ұстап тұрып, сұхбат алуы керек екен.

Шамына тиетін сұрақ қоятын тілшілерді Тұрысбеков мырза «тырнақ астынан кір іздейтіндер» деп атады. Оның ойынша, журналистер тек жақсы дүниелерді жазуы керек.

«Неге жақсы нәрсе жазбайсыңдар? Біреу өсек айтса, бұл адам жақсы істермен айналысып жүр деп жазбайсыңдар ма? Тек қана тырнақ астынан кір іздейсіңдер. Мен 65-тегі адаммын. Өмірімнің көбі кетіп, азы қалды. Көңілдің кегі кетіп, назы қалды деген жағдайда жүрмін. Шындап айтқанда, маған осындай сұрақ қоюға ұялмайсыңдар ма? Тырнақтың астынан кір іздесең, байдың да қызынан табылады дегендей… Журналист деген ол ондай болмайды. Бұл тақырыптың көтерілгеніне үш-төрт ай өтіп кетті. Ал сендер қазбалай бересіңдер. Журналист дегеннің қандай болатынын Мәскеуге, Украинаға барып көріңдер»,-деді Зауытбек Тұрысбеков.

Сұраққа жауап беріп тұрған «Нұр Отан» хатшысы эмоцияға беріліп кеткені соншалық, айналасындағыларды өзіне қаратып, қолын қайта-қайта сермей берді. Тіпті дауысын көтеріп те сөйледі. Айтуынша, ол эмоцияға берілген адам.

Барынша ағынан жарылған Тұрысбеков мырза бұл сұрақты қойған тілшіге тап берді.

«Қазір еркек болатын болсаң, басқаша сөйлесетін едім. «Жаныңды» шығарар едім. Қыз бала болған соң, жылы сөз айтып отырмын… Ондай нәрсемен айналыспа, керек емес дүние ол. Сен маған кір жағатын болсаң, сен сонда рахаттанып қаласың ба?.. Бұл сұрақтың маған тиетіні, мен таза адаммын. Аққа қара жұғады деген. Мен өмір бақи осы облыста (автор: Оңтүстік Қазақстан облысы) өсіп-өнген адаммын. 65-ке келдім, мен үшін мынандай сұрақтар ауыр  тиеді. 25-те болсам, «Әй, өмір алда» деп айтар едім…»,-деді Тұрысбеков.

«Ал мен ақкөңіл адаммын. Саған мұны мыжып айтып жатқаныма өзімді сыйламай отырмын, білдің бе? Қалай жазсаң, олай жаз. Мен Тұрысбековпін. Құдайға шүкір, менің абыройым өзіме жететін адаммын. Танитындардың бәрі мені біледі. Не жазсаңыздар да олар «Зәке, ондай емес» деп айтады», — деген «Нұр Отан» партиясының хатшысы өзін білмейтіндерге қандай ақпарат жетсе де, түкіргені бар екенін де айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM