Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШАШ АЛ ДЕСЕ, БАС АЛҒАН ШЕНЕУНІК

KAZAKBOL.COM

Шаш ал десе, бас алған шенеунік! Павлодар облысында ауыл әкімінің басы дауға қалды. Ол қар басып қалған ауылды видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген баянауылдық зейнеткерді үйіне іздеп барған. Онысымен қоймай, телефонның камерасына кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Шенеуніктің бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ашуын келтірді. Әкімді бұл әрекеті үшін қандай жаза күтіп тұр?

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Апта басында Баянауылды қалың қар басты. Табиғаттың тосын мінезін телефонға түсіріп, жарыса жариялау әдетке айналғалы қашан?! Бірақ, бұл жолғы видео авторының басы жоқ жерден дауға қалды. Жергілікті әкімдік тілерсектен келетін қарды тазалап, халықтың жағдайын жасаудың орнына, тұрғынды үйіне іздеп келіп, кешірім сұратқан.

МАЙЯ МАНАШЕВА, ЕГІНДІБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұл видеоны мен өзімнің туыстарыма жібергем. Олар ол жақтан кім салып жібергенін білмеймін. Ешқандайда жалобам да жоқ. Сол үшін келгенбіз әдейі әкімшіліктен…Мен айттым, жоқ, бізге хабарласқан жоқ деп. Мен жалоба жасайтын адам емеспін».

Кейуананың жазықсыздан жазықсыз кешірім сұрауы, көпшіліктің шамына тиді. Мұны көрген аудан әкімдігі де қол астындағылардың «ыңғайсыз» әрекеті үшін күллі елдің алдында ұятқа қалып, қапаланып отырғанын айтады.

— «Бұл кісі келіп маған, ауданның әкімі фото видео отчет әкел деп айтты деп, мені түсіріп алды».

ҚАНАТ ҚАРИМОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Кешіріңіз, былай ғой, мен енді әкімдерге тапсырма бердім. Барып, не болып жатыр жағдайларын шешіп беріңдер. Енді түсінген түрі.
Бірақ мені таратудың не қажеті бар еді?!
Мен енді әкім атынан кешірім сұрап жатырмын, сізден. Түсінген түрі осы.

Құндыкөл ауылдық округінің әкімі тұрғынның үйіне барып, кешірім видеосын жазып алғанын растап отыр. Алайда, негізгі мақсаты аулада қардың бар-жоғын тексеріп кету болыпты. Өңірдің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті Самат Ыбыраевқа қатысты іс қозғалғанын хабарлады.

ЦИТАТА

«Қазіргі уақытта ауылдық округ әкіміне қатысты тәртіптік іс қозғалды. Сол бойынша қызметтік тергеу жүргізетін боламыз. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. Егер жауапты адамның кінәсі расталса, ол тәртіптік жауапкершілікке тартылады».
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Естеріңізге салайын, Павлодар облысында екі күнде қардың екі айлық мөлшердегі нормасы жауған. Кісі бойымен бірдей ақ ұлпа тұрғындарды әбден титықтатып, ауыларалық қозғалысты қиындатты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM