Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шекарадағы атыс: Тәжікстан Ворух анклавындағы азаматтарын көшіріп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғыз билігінің мәлімдеуінше, Тәжікстан Ворух анклавындағы азаматтарын көшіріп жатыр.

«Ворухтағы тәжік азаматтарын эвакуациялау таңертең басталды», – деп хабарлады Қырғызстанның Баткен облысы әкімдігі «Интерфакс» агенттігіне.

Бұның алдында, 14 маусымда Қырғызстанның Баткен облысындағы Тәжікстанмен шекарада екі елдің шекарашылары атысқаны мәлім болды. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады.

Облыс әкімшілігі өкілінің айтуынша, тәжік жағы осы оқиғадан соң Баткен ауданындағы Самаркандек, Чон-Талаа, Көк-Таш ауылдарындағы шекара күзеттерін күшейте бастаған.

ҰҚМК ақпаратында таңертеңгі 6:50-7:00 шамасында Тәжікстанның «Кех» шекара бекеті жағынан Қырғызстанның «Бұлақ-Башы» шекара бекетіне оқ атылып, оған жауап ретінде қырғыз тарапынан да тәжік шекара бекетіне оқ атылғаны айтылған.

«Екі жақтың шекарашылары бірден әскери позицияға орналасқан. Қырғыз республикасының Баткен облысы бойынша шекара өкілі мен Тәжікстан республикасының Соғды облысы бойынша шекара өкілі телефонмен келіссөз өткізді. Оқиға болған жерге екі жақтың шекара тобының басшылары барған. Бірақ сағат 7:50 кезінде тәжік тарабы гранатомет пен миномет қолданып, тағы атыс бастаған» деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, таңертеңгі сағат 8:10 кезінде атыс тоқтаған, бірақ ҰҚМК шекара қызметі жағдай шиеленісіп тұрғанын айтады.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы атыстан бір тәжік сарбазы оққа ұшқаны мәлім болды.

Мұндай жағдайда қандай шара қолдануға болады, неге шекараны анықтау қиын, Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы қандай күрделі шешім қабылдауы мүмкін — осы сауалдарға Орталық Азия және Кавказды зерттеу орталығы Сараптама тобының жетекшісі Станислав Притчин Настоящее Время эфирінде жауап берді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM