Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШЕНЕУНІКТЕР САНЫ ҚЫСҚАРМАҚ

KAZAKBOL.COM

Елімізде шенеуніктер саны қысқарып, мемлекеттік қызметке қабылдау тоқтауы мүмкін. Кешелі бері ақпарат құралдарында Президенттің мораторий жариялау жайындағы қаулысы тарауда. Құжат қазір қоғамдық талқылауға шығарылыпты. Халық қолдаса, Мемлекет басшысы құжатқа қол қоюы мүмкін. Елдегі өзгерістер 98 мың шенеуніктің қайсысына қатысты? Мамандар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы санақ бойынша елімізде 98 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар екен. Оның 38 мыңы «Б» корпусында қызмет етеді. Таралған ақпаратта дәлі осы корпусқа мораторий жарияланатыны жазылған.

Нақты айтсақ, келесі жылға дейін қызметкерлер қабылданбайды. Сондай-ақ мемлекет бұл санаттағы шенеуніктер бюджеттен жалақы алатын болғандықтан, 38 мыңның 5 пайызы жұмыстан босатылуы ықтимал. Мораторий 27-ші қаңтарға дейін «Электрондық үкімет» сайтында қоғамдық талқылауда түспек. Біраз жылдар мемлекеттік қызметте жүрген сенатор Нариман Төреғалиев бұл бастамада «ақырын жүріп, анық басу керек» деген пікірде. Ол аймақтарда онсыз да мамандар жоқ, дейді.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Енді бірнеше себеп бар. Жалақының аздығы, жұмыстың көптігі. Менің өзімнің ойым, қысқарту басталғанда осындай жергілікті жерлер мен орталық аппарат айырмашылықты ескеру қажет. Қысқарту бір мәселе, ертең жұмыс істейтін адам керек қой».
Саясаттанушы Ерлан Саиров бүкіл әлем мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуде, дейді. Біздің елге де осы мәселені қолға алатын уақыт келіпті. Бірақ, сарапшы еш асықпау керек дегенді алға тартады. Сондай-ақ ол жұмыстан босағандарға бизнес жүргізу қырын үйретсе болар еді деген ойда.

ЕРЛАН САИРОВ, САЯСАТТАНУШЫ
«Интелектуалдық потенциалы жоғары, білімі бар жастарымыз мемлекеттік қызметте жеткілікті. Міне, соларға осы бизнесі моделді үйретіп, біздің елдің эконмикасына қызмет етудің жаңа түрлерін жасаса, ел экономикасы да, мемлекеттілігі де күшейеді».

Айта кететін жайт, бұл мораторий жаңадан құрылған және қайта құрылымдалған мемлекеттік органдарға қолданылмайды. Ал, штат саны, яғни қызметкерлер қысқартылмайтын органдарға келсек, олар: ГРФ: 1. Тұңғыш президент-Елбасы кеңсесі мен архиві, 2. Президент әкімшілігі және іс басқармасы, 3. Премьер-министр кеңсесі, 4. Қорғаныс министрлігі, 5. Парламент палаталарының аппараты, 6. Конституциялық кеңес, 7.Жоғарғы сот кеңесі, 8. Орталық сайлау комиссиясы, 9. Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық, 10. Ауыл және ауылдық округ әкімдік аппараты.

Әзірге қоғам талқылауындағы қаулы президент жолдауының жалғасы сияқты. Өткен аптада мемлекет басшысы жастар кадр резервімен кездескенде алдағы төрт жылда мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардағы шеті жоқ мамандар саны 25 пайызға дейін қысқаратынын тағы еске салған еді. Мемлекет қысқартылғандардың жалақысын қолынан іс келетін шенеуніктерге төлемек. Қасым-Жомарт Тоқаев қысқартулардың қалай жүретінін де айтқан еді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Әрине, біз барлығын өз қалауымызша алып тастамаймыз. Барлығын тексереміз, олардың міндетін қараймыз. Демек, мемлекеттік органға тән емес функционалдар болса, оны аустсорсингке, не азаматтық қоғамға тапсырамыз».

Қалай болғанда да елдегі шенеуніктер санын қысқарту туралы әңгіме баяғыдан бар. Осы ретте аймақтар мен қалалардағы статистикаға көз жүгіртейік. Бүгінде елордада — 14 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 8 мың, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында 7 мыңнан астам маман мемлекетке еңбек етуде. Ал, бір ғана Қаржы министрлігінде 17 мың 700 қызметші бар.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM