Сенаттың жаңа қаулысына сәйкес, тойға кемінде 150 адам, таңғы палауға 200 адамнан артық шақыруға рұқсат етілмейді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2 наурызда Навои облысына барған сапары кезінде «Озодлик» қызметіне президенттің аудиожазбасы келіп түсті. Онда мемлекет басшысы сенат мемлекеттік шенеуніктерге тойға баруға тыйым салатын қаулы шығарады деген. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Мирзияев бұл сөздерін Ташкентте 27 ақпанда импорт және экспортқа арналған үкіметтің видеоселекторлық жиналасында айтқан секілді.
Онда Мирзияев «мемлекеттік шенеуніктерге адал жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасағанын, енді олардың халыққа жұмыс істеу үшін қатаң талап ететінін» айтады.
«Ертең қаулы жарық көреді. Министрлерге, хоким және атқарушы билік өкілдеріне салтанатты шараларға баруға тыйым салынады. Егер шайханалардан мемлекеттік нөмірі бар көліктерді көретін болсам, оның иесін бірден жұмыстан шығарамын», – дейді Шавкат Мирзияев.
Өзбек президентінің сөздерінше, елдегі коррупцияны жою үшін даңғаза үйлену той өткізіп, мемлекеттік шенеуніктерді салтанатты шараларға қатысуға тыйым салуына тура келген.
«Бірде бір шенеунік, мені де қосқанда туған күнге, үйлену тойларына бармайды. Мұның бәрі халықтың ашуын туғызады. Салтанатты шаралар енді жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуынсыз өтеді. Премьер-министр орынбасарларымен тойға барады. Оған жиналған халық тік тұрып қызмет етеді. Тойға шашқан ақшаға кедейлерге көмек көрсетіңдер, телевизор сатып әперіңдер», – дейді Өзбекстан президенті.
Мирзияевтің сөздерінше, сенаттың жаңа қаулысына сәйкес, тойға кемінде 150 адам, таңғы палауға 200 адамнан артық шақыруға рұқсат етілмейді.