Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 8 мыңға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды

KAZAKBOL.COM

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Жүргізушілер арасында көп кездесетін жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан, яғни 2023 жылдың 1-қаңтарынан жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 7736 (жеті мың жеті жүз отыз алты) жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады.

Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол үстінде көлік тізгіндегенде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM