Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шешенстанда соққыға жығылған журналист Елена Милашинаның қолы бірнеше жерден сынған

KAZAKBOL.COM

Ресейлік «Новая газета» басылымының журналисі Елена Милашинаның қолы 14 жерден сынып, миына зақым келгенін, денесінің көп бөлігін қанталап, көгеріп қалғанын дәрігерлер анықтаған.

Шешенстан астанасында адвокат Александр Немов екеуін бетперде тағып алған белгісіз біреулер қатты ұрып-соғып кеткеннен кейін Милашина Мәскеудегі ауруханалардың біріне қаралып, денсаулық жағдайын тексерткен.

«Ақыл-есі орнында, жағдайы қалыпты» деп хабарлады журналистің қазіргі жағдайы туралы дәрігерлердің сөзіне сүйенген «Новая газета. Европа» басылымы. Адвокат Немовтың жағдайы туралы хабар жоқ.

Шешенстан бойынша тергеу комитеті Грозныйдағы оқиғадан кейін екі күн өткенде шабуыл фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қылмыстық іс денсаулыққа жеңіл және орта дәрежелі зақым келтіру баптары бойынша қозғалған.

4 шілде күні Грозныйға іссапарға барған журналист Елена Милашина мен адвокат Александр Немовты әуежайдан қалаға бара жатқан жолда белгісіз біреулер тоқтатып, басқа көлікке күштеп салып, жақын маңдағы бір сайға апарып, қатты ұрып-соққан. Немовтың аяғына пышақ сұғып, Милашинаны әдейі саусақтарынан ұрып, кесіп тастаймыз деп қорқытқан.

«Қаскөйлерге техникамыз мен қызмет құжаттарымыз керек болды, басқа заттарға қарамады, мендегі 13 мың рубль, банк карталарына қараған да жоқ» дейді журналист. Ол адвокат екеуіне жасалған шабуылды Шешенстан аумағындағы кәсіби қызметтерімен тікелей байланыстырады.

  • Елена Милашина мен Александр Немов Грозныйға Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынаған шешен белсенділері ағайынды Янгулбаевтардың анасы әрі судья Сайди Янгулбаевтың (қазір олар Ресейден тысқары жерде) әйелі Зарема Мұсаеваға үкім шығатын сот отырысына барған.
  • 2022 жылы қаңтарда Шешенстан полицейлері Ресейдің Нижний Новгород қаласында тұрып жатқан Мұсаеваны үйінен ұрлап әкетіп, Грозныйға күштеп жеткізген. Кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғаған. Рамзан Қадыров «Мұсаева өзіне хаттама толтырып жатқан учаскелік полиция қызметкеріне тап беріп, көзін ағызып қоя жаздады» деп айтқан. Бірнеше күннен кейін Мұсаеваға алаяқтық айыбын қоса таққан. Рамзан Қадыров Янгулбаевтар отбасының кейбір мүшелері «терроризм мен экстремизмге үндейді, сондықтан оларды ұстап, жазалау керек, ал егер қарсылық танытатын болса, террористердің құйыршығы ретінде көзін құрту керек» деп мәлімдеген.
  • 4 шілде күні Грозный соты Зарема Мұсаеваға бес жыл түрме жазасын кесті. «Мемориал» құқық қорғау ұйымы Мұсаеваны «саяси тұтқындар» қатарына қосты.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM