Көрнекі фото: Наша Газета

KAZAKBOL.COM

Астаналық ару топтасына шүйліккен қазақ жігіттері жайлы баяндап берді. Айтуынша, шетел азаматымен не себепті әңгіме-дүкен құрасыңдап деген олар, оны тіпті балағаттап та тастапты. Студент қыз өзге елдің азаматтарына бұлай тіл тигізуге болмайды дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Астаналық Айжан есімді ару (авт. аты-жөні өзгертілді) «Астана» медициналық университетіне биыл түскен. Айтуынша, оның курсында шетелден келген студенттер көп екен. Олардың денін үндіс азаматтары құрайды дейді.

«Кешегі жаға ұстатарлық жағдайды ұят та болса айтуға тура келіп тұр. Біздің топта үндіс азаматы бар. Ұлты үндіс болғанымен, ағылшын тілін өте жетік меңгерген жан. Айтайын дегенім, біз онымен курстас, дос ретінде араласамыз. Кеше Астанадағы дәмханалардың біріне кешкі ас ішуге барған едік, бір топ қазақ жігіттері келіп «Қазақтың қыздары үндіспен не себепті араласады, ұяттарың қайда» деп шу шығарды.

Біз қыздармен алдымен курстасымыздың алдында, сосын дәмханадағы қонақтардан қатты ұялдық. Шетел азаматы екен деп, қазақ қыздарына олармен араласуға болмайды дегенді кім шығарды? Біз онымен жай ғана араласпаймыз, ағылшынша сөйлесіп, ағылшын тілінен деңгейімізді көтермекпіз. Ол өте ашық, көпшіл адам. Басқа елдің азаматы екен деп, осылай жаман сөз айтуға бола ма екен? Қазақ жігіттерін осыншалықты санасыз болады деп ойламаппын»,-дейді бойжеткен.

Сонымен бірге ол, өзге елдің азаматы деп, оның намысына тиетін сөздер айтуға болмайды дейді.

«Ол аздай әлгі жігіттер досымызды құбыжық деп, балағаттап кетті. Мұндай ұятты жағдай болады деп ойламаппын. Абырой болғанда, ол қазақша түсінбейді. Әйтпесе тіптен жерге кіретіндей жағдай еді.

Бізге «шетел азаматынан не таптыңдар, қазақ қыздарында намыс қалмаған, осылай жүріп, ертең соларға тұрмысқа шығасыңдар» деп қаншама сөз айтып кетті. Осыдан кейін қазақ жігіттеріне қалай тұрмысқа шығасың? Адамдарды ұлтына қарап бөлуге болмайды. Барлық адам бірдей. Тек соны біздің ер-азаматтар түсіне білсе екен»,-деп әңгімесін аяқтады ару.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя