Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шетел нөмірімен жүрген көліктерді заңдастыру мәселесін көтерген екі белсенді 15 тәулікке қамалған

KAZAKBOL.COM

Алматы белсенділері Асхат Берсәлімов пен Данияр Мәкешов 15 тәулікке қамалған. Бұл жөнінде белсенді Марат Тұрымбетов хабарлады.

Екі белсенді «митингіге шақырды» деп айыпталған.

25 маусымда бастамашыл топ мүшелері митингі өткізгісі келген, бірақ кейінге қалдырған. Оған қарамастан белсенділер қамауға алынған. Полиция «Пригожин бүлігіне байланысты Ресейде жағдай ушыққандықтан қауіпсіздік күшейтілгенін» айтқан.

Бұған дейін журналист Данияр Молдабеков белсенді Марат Тұрымбетовке сілтеп, Алматы полициясы Данияр Мәкешовтің шетелдік нөмірмен жүрген автомобилдерді заңдастыру бойынша бастамашыл топ мүшесін қамауға алғанын хабарлаған. Ол Алатау аудандық полиция басқармасына өз мәшинесімен барған.

Бұған дейін белсенділер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін де Қазақстанға әкелінген автомобильдерді заңдастыру мәселесін көтерген. Заң бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға жеткізілген көліктер заңдастырылады.

Журналист сөзінше, Мәкешов пен оның жақтастары Астанада шенеуніктермен кездескен. Шетел нөмірімен жүрген автомобильдерді заңдастыру процесі 1 шілдеде аяқталады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM