Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шри-Ланка: қызметінен кетіп жатқан президент газды тездетілген шартта үлестіру бұйрығына қол қойды

KAZAKBOL.COM

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса аралға газды тездетіп үлестіру бұйрығына қол қойды. Бұл мемлекет басшысының резиденциясын басып алғаннан кейінгі бірінші бұйрық. Бұл жөнінде Newswire жаңалықтар порталы хабарлайды.

Бұдан бөлек Шри-Ланканың бірнеше министрлері отставкаға кететінін жариялаған. Ауыл шаруашылығы министрі болса елі тыңайтқыш алғаннан кейін, бірден кететінін айтты.

Президенттің өзі қызметінен 13 шілдеде кетеді.

Парламентке оппозициялық партия атынан сайланған М.А.Сумантиранның айтуынша, барлық оппозициялық күштер бірігіп, парламенттегі басым күшке оңай ие бола алады.

Конституция бойынша, егер президент пен премьер-министрдің екеуі де отставкаға кетсе, парламент спикері уақытша президент қызметін атқарады.

Шри-Ланкада наразылық жыл басынан бері жалғасып келеді. Ел экономикасы ірі дағдарысқа ұшырады. Қалада жанар-жағармай, дәрі-дәрмек, азық-түліктің кейбір түрлері тапшы. Валюта резерві толық сарқылған. Билік бұған коронавирус індеті себеп болғанын айтады.

Мемлекеттің сыртқы қарызы 51 млрд долларға жетіп, дефолтқа ұшыраған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM