Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шри-Ланка президенті Сингапурға қашып, отставкаға кеткенін жариялады

KAZAKBOL.COM

Сингапурға қашқан Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса отставкаға кеткенін жариялады.

Жергілікті NDTV телеканалы таратқан мәліметке қарағанда, Раджапакса қызметінен кету туралы арызын парламент спикерінің электрондық поштасына жіберген.

Сингапур үкіметі Шри-Ланканың экс-президенті жеке сапармен келгенін, баспана сұрап өтініш бермегенін мәлімдеді.

9 шілдеде наразылыққа шыққан халық президенттің резиденциясын және басқа да бірқатар үкімет ғимараттарын басып алған. Мемлекет басшысы Готабая Ражапакса қауіпсіз жерге шығарылып, парламент талабымен қызметін 13 шілдеде тапсыруға келіскен. Бірақ ол қызметін тапсырмастан, елінен қашып кеткен.

Премьер-министр Ранил Викремесингхе өзін президенттің міндетін атқарушымын деп жариялап, өлкеге төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеген. Демонстранттар премьердің өзінің де қызметінен кетуін талап етіп, қажет болса үкімет үйін басып алатынын жариялаған.

14 шілдеде парламент спикері Махинда Япа Абейварденмен ұзақ келіссөзден кейін наразылыққа шыққандар басып алған ғимараттарын босатқан.

Готабая Ражапакса Қарулы күштердің ұшағымен Мальдив аралдарына қонып, содан кейін Сингапурға барған.

22 миллионға жуық халқы бар Шри-Ланкада наразылық акциялары жыл басынан бері жалғасып келеді. Ел экономикасы қиындықты бастан өткеріп жатыр. Дәрі-дәрмек, бірқатар азық-түлік жеткіліксіз болып, валюта қоры таусылып, мемлекет сыртқы қарызын өтей алмай, дефолтқа ұшыраған.

Басқа елдерден сатып алатын газ үшін ақша төлей алмай, нәтижесінде көгілдір отынсыз қалған.

Шри-Ланка – Үндістан жанындағы шағын аралдағы мемлекет. Бұрын Британ империясының колониясы болған мемлекет 1948 жылы тәуелсіздігін жариялаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM