Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шу өзені жиегін су шайып, Қырғызстан 800 гектар жерінен айрылды

KAZAKBOL.COM

Шу өзенінің жағасы талапқа сай бекітілмегендіктен Қырғызстан 800 гектар жерінен айрылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев мәлімдеді.

«Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасын анықтап тұрған Шу өзенінің жиегінде дамбалардың жоқтығынан, дарияның жағасын су шайып, оның арнасы жыл санап Қырғызстан аумағына кіріп жатыр. Қазір жұмыс белсенді жүріп жатыр. Президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауында», — деді Ажикеев.

Былтыр наурыз айында Шудың Кемин ауданында Чым-Коргон ауылының бірқатар тұрғындары Шу өзенінің арнасы бұзылып, шекара сызығы өзгергенін айтып шығамданған.

Сол кезде Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі Чым-Коргонға жақын Шу өзені арқылы өткен қырғыз-қазақ шекара сызығы орнында тұрғанын айтып, жергілікті тұрғындардың «су арнасы бұрылып, жер телімі Қазақстанға өтіп кетті» деген мәліметті теріске шығарған.

Қырғыз-қазақ шекарасының бірқатар бөлігі Шу өзенін бойлап өтеді. Екі тараптың шекара сызығының жалпы ұзындығы 1257 шақырым. Шекараны демаркациялау туралы келісімге 2017 жылдың 25 желтоқсанында қол қойылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM