Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтініш білдірді

KAZAKBOL.COM

18 мамырда Брюссельде Швеция және Финляндия елшілері НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергке Солтүстік атлантикалық одаққа кіру үшін ресми өтінішін тапсырды.

Столтенберг НАТО олардың ұйымға мүше болуын жеделтетілген түрде қарайды деді.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Швеция мен Финляндия бейтарап мәртебесінен бас тартып, НАТО-ға кіру жөнінде шешім қабылдады.

Екі елдің өтінішін НАТО кеңесі қарайды, одан кейін ұйымға мүше отыз ел келісімді ратификациялауы қажет.

Бірер күн бұрын НАТО-ға мүше елдің бірі Түркия президенті Режеп Ердоған Швеция мен Финляндияның ұйымға кіруіне қарсылығын білдірді. Ол Хельсинки мен Стокгольмді терроризм қолдайды —Анкара террорист деп есептейтін адамдарға екі ел саяси баспана береді деп мәлімдеді.

Bloomberg басылымының жазуынша, Түркия бірнеше шарттар қойып, соңында келісімге келуі мүмкін екенін жазады. Атап айтқанда, Анкара маңындағы дереккөздер, Түркия Күрдістанның Жұмысшы партиясын ресми түрде террористік ұйым деп мойындағанын қалайды.

Бұдан бөлек Түркия билігі F-35 зымыран тасығышын бағдарламаға қайта енгізгенін құптайды. 2019 жылы Түркия Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алғаннан кейін, НАТО мұны бағдарламадан алып тастаған.

Анкара сонымен бірге скандинавиялық мемлекеттер бірқатар еуропалық елдермен бірге қару-жарақ экспортына шектеуді алып тастауы керек деген талап қойып отыр. Олар бұл санкцияны 2019 жылы Сирияға кіргеннен соң, Түркияға қарсы енгізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM