Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Швеция соты полицияның Құран өртеу акциясына салған тыйымын жойды

KAZAKBOL.COM

Швециядағы сот Құран өртейтін екі наразылық акциясына салынған полиция тыйымының күшін жойды.

Швеция Жоғарғы әкімшілік соты азаматтар қауіпсіздігі үшін деген желеумен тұрғындардың шеру өткізу құқығын шектеуге болмайды деп мәлімдеді. Мұсылмандардың қасиетті Құран кібаты биыл ақпанда екі акцияда өртелуі тиіс болған.

«Полиция органдары шығарған шешімде дәлел жеткіліксіз», — деп мәлімдеді судья Ева Лотта Хедин.

Швед полициясы ақпанда Түркия мен Ирактың Стокгольмдегі елшілігі алдында өтеді делінген Құран өртеу акциясына рұқсат бермеген.

Қаңтар айында Түркияның Стокгольмдегі елшілігі алдында қасиетті кітап өртелген соң мұсылман әлемі бұл әрекетті сынап, швед тауарларына бойкот жариялауға үндеген. Әлем елдеріндегі наразылық бірнеше аптаға созылған. Бұған қоса түрік билігі Швецияның НАТО-ға мүше болып кіру процесіне кедергі жасады.

Құран өртеген адам — ультра оңшыл дат саясаткері Расмус Палудан. Ол он күн ішінде Құран кітапты үш мәрте отқа тастаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM